“ҚАЗАҚТЫҢ КОЛХОЗЫ” деп ұлтымыздың атауымен мазақ қылып тақырып қойыпты
#sportKz отандық басылым.
Қандай мақсатпен жазса да бұны этносаралық арандату деп бағалауға болады.
ҚР Ақпарат министірі
Aida Balayeva тез арада шара кабылдау міндетті.
Мемлекеттің атауын жазса “казахстанский” болар еді, “казахский” деу ол ұлтымыздың атауы, бүкіл этносқа тіл тигізу. “Колхоз” құрылымы да Қазақ еліне көп қасірет әкелген Коммунисттік идеология құралы, ашаршылық сол коллективизациядан басталған.
Колхозға күштеп кіргізіп, еркін жүріп тұратын көшпенді халықты азаматтық құқықтарын шектеп, малдарын тартып алып, тек бір мекемеге тегін, құлдық деңгейде мәжбүрлеп жұмыс жасату құралы.
“Қазақ колхозы” деу қоғамдық - саяси астары бар теңеу.
Сонда бұл спорт саласымен айналысатын БАҚ этносаралық мәселеге ойланбай қате кіріскен бе, әлде қасақаңа арандату мақсаты бар ма?