Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«Қазақ еліне разымын»: Тоқтар Серіков жоғары мемлекеттік наградамен марапатталды

20:01, 25 қазан 2026

Әнші Тоқтар Серіков Республика күні қарсаңында «Парасат» орденімен марапатталды, деп хабарлайды Alash.kz.

Өнер иесі қуанышты жаңалығын әлеуметтік желідегі парақшасында жариялап, қолдау көрсеткен Қазақ еліне алғысын білдірді.

«Құрметті, Қазақ елі! Республика күніне орай Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлының ұйғаруымен, Вице-Президент Ерлан Қарин мырзаның қолынан “Парасат” орденының иегері болдым.

Бірінші Аллаға разымын осындай құрметке бөлеген, екінші әрқашан бізден ыстық ықыласын аямаған Қазақ еліне разымын!», – деп жазды ол.

Өзімнің туған Отаныма әлі де талай қызмет жасаймын!

Республика күні құтты болсын!», – деп жазды ол.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар