Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Қайыршылық: TikTok-та руға бөлініп ақша жинау бизнесі етек жайып тұр

20:07, 23 шілде 2024 554

Tiktok әлеуметтік желісінде қазақты руға бөліп, ақша жинайтын жандардың көбейіп кеткені байқалады. Осы туралы журналист Нұргелді Әбдіғани facebook желісінде көлемді жазба жариялады, деп хабарлайды Alash.kz ұлттық порталы.

Біздің қазақтың бүтін ұлт болып қалыптасуына кедергі екі нәрсе бар:

Біріншісі - қазақ тілін, мемлекеттік тілді білмейтін, білгісі де келмейтін, мемлекеттік тілді білмейтінін ар санамайтын, тіпті өз ұрпағын қазақ тілінде тәрбиелеуді ойламайтын мәңгүрттер!

Екіншісі - тұтас ұлтты руға, жүзге, жерге, тайпаға т.б. бөлетіндер!

Осы айтылған екеуі де қазақтың біртұтас ұлт болып қалыптасуына кедергі жасайтын саналық дебилизмнің түрлері.

Біздің қоғамда трайбализм дейтін дерт әбден асқынып кеткені ешкімге жасырын емес. Дерттің қордаланған орны аса жоғары лауазымды мырзалардың кеңселері екені де бесенеден белгілі.

"Қазақтың дүниетанымдық, саналық деңгейінде атаға, руға, тайпаға, жүзге яғни текке бөлу тұрмыстық деңгейден бастап биліктің ең жоғары сатысына дейін кеңінен тараған. Елден бірлік-береке кетіріп алған хандардың өзі трайбализмнің сынына шыдай алмай, қазақты анаған да, мынаған да бодан қылып жіберді”, - деп еді бір әңгімеде Жанұзақ Әкім аға.

Әлеуметтік желілерде соңғы уақыттары қазақты руға, жерге бөліп, бір-бірімен жарыстыратын контенттер қаптап кетті. Міне, сондай есуас конттентердің бірнешеуін Тик-Ток желісінен көріп қалдым.

Біреуі әртүрлі рулардың аттарын жазып қойып, екіншісі Қазақстанның қалаларын жазып қойып, интернет-қайыршылық жасап, әр рудың, әр қаланың адамдарынан ақша жинауда. Қай рудың адамы көбірек ақша салса, соны бірінші, екінші, үшінші орындарға жайғастырып, желідегі санасыздардың қалтасын үптеп отыр. Кәдімгі аферизм. Кәдімгі қайыршылық. Жұрт әлгілерге жарысып ақша жіберіп отыр.

Ал сіздер, бірдеңе дейсіздер. Мұндай ессіздерді басқару да, билеу де оп-оңай... Солай болған, болып жатыр және бола береді де!,- деп жазды ол.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар