Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Қатты айғайлады". Ақтөбелік дәрігердің өліміне қатысты жантүршігерлік дерек айтылды

09:50, 24 сәуір 2024 1532

Ақтөбе қаласында 22 сәуір, таңғы уақытта, пышақ жарақатынан көз жұмған әйелдің өліміне қатысты тың дерек айтылды. Көршілері қанды оқиғаға қатысты көрген-білгенін баяндады, деп хабарлайды Alash.KZ ұлттық порталы KAZ.NUR.KZ-ке сілтеме көрсете отырып.

Ақтөбе қалалық полиция департаментінің өкілдері 22 сәуір күні 34 жастағы әйелдің танысы қолынан көз жұмғанын мәлім етті.

Қанды оқиға туралы полицияға марқұмның көршілері хабарлаған. Оқиға болған үйдің тұрғыны жатын киімімен жүрген қызды дәлізде шашынан сүйреген ер адамды көргенін айтты:

"Полицияға мен хабарластым. Ол кезде сағат таңғы 5:02 уақытты көрсетіп тұрды. Қыздың жан дауысы шығып жатты. Қарсы есіктен де көршіміз шықты. Полиция 15 минуттан кейін, ТЖД қызметкерлері 40 минут шамасында келді. Үйдің есігі бір сағат айналасында ашылды. Тірі деп ойладым. Көмектесу үшін жүгіріп бардым. Бірақ қыздың кеуде тұсы қан екен. Жұқа жатын киімімен жатты. Бәрі көз алдымда болғандықтан өзім де қиналып жүрмін. Көмек уақытында болса, қыз аман қалар ма еді. Осыған дейін де ол қыздың түнде дәлізде жылап отырғанын көргенмін. Бірақ ол кезде үйіне кіріп кетті. Қасындағы көршілеріне "біреу гүл әкеліп берсе алмаңдар, полицияға арыз берсем де қоймайды, қорқамын" деген. Барлық жағдайды тергеушіге баяндадым, сотта да айтып беремін", - дейді марқұмның көршісі.

Қайтыс болған әйелдің және бір көршісі әйелдің қорғансыз қалғанын айтып, жанұшыра айғайлағанын естігенін жеткізді: 

 "Балконнан кірген деп естідік. Қыз дәлізге шығып қашқан. Қыз қатты айқайлаған. Мұндай жағдай бұрын болмады. Қорқынышты. Ол қызды қатты танымаймыз. Бірақ ауладан көргенбіз", - дейді марқұмның көршісі Махаббат Жамантайқызы.

Еске сала кетейік, 22 сәуірде Ақтөбеде тұрғын үйлердің бірінен әйел адамның денесі табылды. Марқұмның денесінде көптеген пышақ жарақаты мен зорлық-зомбылықпен өлтіру белгілері болған. Күдікті полиция қызметкерін жарақаттап, оқиға орнынан қашып кеткені,кейіннен ұсталғаны хабарланды.

Қаза тапқан Мөлдір Томарова қаладағы медицина орталықтарының бірінде дәрігер болып қызмет еткен.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар