Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен Мәскеу қаласына барды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Alash.kz.
Сапар барысында Мемлекет басшысы Ұлы Жеңістің 81 жылдығына арналған ресми іс-шараларға қатысады деп жоспарланған.
Ертең, 9 мамыр күні Президент Ресей астанасында өтетін салтанатты парадты тамашалайды. Бұл шара фашизмді жеңу жолында жан қиған майдангерлердің ерлігіне тағзым ету және тарихи жадыны сақтау мақсатында ұйымдастырылып отыр.