Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

“Қастандық, басына оқ атқан”. 25 жыл бұрынғы жұмбақ өлімнің құпиясы ашылды

12:30, 04 шілде 2025 690

Батыс Қазақстан облысында тура 25 жыл жабулы қазан күйінде келген қос кісі өліміне қатысты іске сот үкімі жарияланды. Алқабилер соты екі азаматты жоспарлы өлтіру дерегі бойынша кінәлі деп танып, бірін 19 жыл, екіншісін 15 жылға соттады. Екеуі де қатаң режимдегі түрмеге жіберіледі, деп хабарлайды Alash.kz.

2000 жылғы 13 желтоқсанда Орал қаласында болған қылмыс сол жылдарғы дүрбелең мен алмағайып кезеңдердің көлеңкесінде ашылмай қалған. Тергеушілерге тікелей дәлелдер болмағандықтан, өз кезегінде іс жабылған. Араға аттай 25 жыл салып прокуратура және тергеу тарапынан сотталушылардың күдіктілер ретіндегі байланысы қайта қарастырылды.

Ширек ғасыр бұрын орын алған оқиға автокөлікте өрбіген. Айыпты деп танылғандар зардап шеккендердің мойны мен басына оқ атқан. Қылмыстың басты мотиві - қаржылық келіспеушіліктер. Нәтижесінде,  бұләрекетті алқабилер «алдын ала жоспарланған қастандық» ретінде бағалады.

Сот барысында екі айыпталушының бірі өз кінәсін мойындап, өкінішін білдірсе, екінші сотталушы өзіне тағылған қылмысты жоққа шығарды. Қазіргі таңда іс бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру аяқталды. Сотүкімі заңды күшіне енбеген.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар