Қайрат Сатыбалдының экс-тоқалы Асылжан Есенқызы Нұрсұлтан Назарбаевтың бұл некеге қарсы болғанын айтты, деп жазады Alash.kz ұлттық порталы.
“Назарбаевтың алдына барып бата алған жоқпыз. Себебі Назарбаев қарсы болды. Назарбаев біздің қарым-қатынасымыз жайлы білді. Бізді көп жиындарда, мерекелерде көретін. Мені Назарбаевтан қорқып Сатыбалды жасырған. Сол кезде Назарбаевтың өзі оны шақырып алып “Сен неге үйленгеніңді менен жасырып жүрсің? Неге айтпайсың?” деген. Сол кезде “Иә, сіз сол өткен мерекеде көрген әйелмен бас қостым. Ол - менің өзімнің таңдауым” депті. Назарбаев “Менің қатемді қайталама. Жас әйел алма. Сенің жасың 50-ге келіп қалды. 40-тан асып кеттің. Сен үйленетін әйеліңді алып болдың. Менің қателігімді қайталама. Балаларыңды ойла. Ертең балалар қараусыз қалуы мүмкін” деген. Ол уақытта Қайраттың өзінің айтуы бойынша, Гүлмирадан үш бала, Әсел деген әйелінен төрт бала, Саида деген әйелінен бес бала бар. Сол кезде он екісі баласы болыпты”,- деді Асылжан Есенқызы Ulysmedia YouTube-арнасына берген сұхбатында.