Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Қаралы хабар: Мұхтар Шахановтың ұлы өмірден озды

22:32, 05 қараша 2025 249

Белгілі ақын, қоғам қайраткері, драматург, Қазақстанның Халық жазушысы Мұхтар Шахановтың ұлы бақилық болды, деп хабарлайды Alash.kz.

Қаралы хабарды қазақ еліне жазушы Құдияр Біләл Facebook парақшасында естіртті.

СУЫТ ХАБАР
Мұхтар Шаханов ағамыздың ұлы Қуаныш Мұхтарұлы ұзаққа созылған ауыр науқастан кейін дүниеден озды. Иманы саламат болсын!

Айта кетейік, 2021 жылы Халық Жазушысының Рауан есімді ұлы өмірден өтті. Ал, 2025 жылғы сәуір айында Мұхтар Шахановтың бұрынғы жары Розалинда Шаханова 74 жасында қайтыс болды.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар