Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Қаралы хабар: Халыққа кеңінен танымал боксшы өлі күйінде табылды (ФОТО)

14:06, 23 қыркүйек 2025 420

21 жастағы жас боксшы Хесус Меркадо Кабрера АҚШ-пен шекаралас аймақта, Сонора мен Төменгі Калифорния шекарасына жақын шөлді аумақта өлі күйінде табылды, деп хабарлайды Alash.kz.

The Mirror таратқан ақпаратқа сәйкес, спортшының денесі пакетке оралып, қаптама таспасымен байланған күйде болған. Оның жоғалғаны туралы отбасы бірнеше күн бұрын хабарлаған.

Жергілікті полиция марқұмды денесіндегі татуировкалары арқылы анықтағанын жеткізді. Алдын ала деректер бойынша, зорлық-зомбылық белгілері байқалмаған. Қазір бұл істі Сонора штатының Бас прокуратурасы тергеп жатыр.

Айта кетейік, Кабрера 27 қыркүйекте Эрмосильо қаласында Адриан Руиске қарсы кезекті жекпе-жегін өткізуге дайындалып жүрген.

Кәсіби мансабында ол 7 жеңіске жетіп, 9 рет жеңіліп, бір кездесуді тең аяқтаған.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар