Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Қаралы хабар: Әйгілі өнер жұлдызы, көрнекті актриса өмірден озды (ФОТО)

20:45, 17 шілде 2026

«Үйде жалғыз қалғанда 2» («Один дома 2») фильміндегі кептер баққан әйелдің рөлімен танымал болған ирландиялық аңызға айналған актриса Бренда Фрикер 81 жасқа қараған шағында дүниеден озды, деп хабарлайды Alash.kz.

The Irish Times басылымының мәліметінше, өнер иесінің өмірден өткені туралы оның ұзақ жылдар бойы бірге жұмыс істеген агенті Фил Белфилд хабарлады. Актрисаның отбасы мен жақын достары таратқан ресми мәлімдемеде:

«Бүгін таңертең, 2026 жылдың 17 шілдесінде Бренданың қысқа уақытқа созылған аурудан кейін тыныш қана көз жұмғанын терең қайғымен хабарлаймыз. Ол өзінің жақындарының қоршауында мәңгілікке аттанды», — деп жазылған.

Бренда Фрикер әлемдік кино өнерінің тарихында өзіндік өшпес із қалдырды. Ол 1990 жылы режиссер Джим Шеридан түсірген әйгілі «Менің сол жақ аяғым» драмасында сал ауруына шалдыққан суретші әрі жазушы Кристи Браунның жанкешті анасы миссис Браунның рөлін жоғары деңгейде сомдап шыққан болатын. Осы шеберлігі үшін ол Америкалық киноакадемияның беделді «Оскар» сыйлығын жеңіп алып, бұл алтын мүсіншеге қол жеткізген тарихтағы тұңғыш ирландиялық әйел ретінде есімін алтын әріппен жазды.

сурет: ашық дереккөздерден

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар