«Әнет Баба» мешітінің наиб имамы Дархан Қажы Асылтайұлы қасиетті Рамазан айында дүниеден өтті, деп хабарлайды ALASH.kz.
Рамазан айында жәннат есіктері ашылып, тозақ есіктері жабылатыны мәлім. Осы айда өмірден өткен Дархан Қажы Асылтайұлының рухына жамағат дұға бағыштап, ұстаған оразасы мен жасаған игі амалдары оның жәннаттық болуына себеп болуын тілеп жатыр.
Жақындары мен жамағаты Дархан Қажыны білім мен адамгершілікке баулыған, шынайы рухани жетекші болған тұлға ретінде еске алуда.
Марқұмның жаназа намазы 15 наурыз күні сағат 08:00-де Қарағанды қаласындағы «Әнет Баба» мешітінде өтеді.
Жақындары мен туған-туыстарына көңіл айтамыз!
Оқи отырыңыздар:
- Алаш арысы Әлихан Бөкейхан ораза ұстаған ба?
- Биылғы Рамазан айында Қадір түні қай күнге түсіп тұр?
- Сәресі мен ауызашар дұғасы