Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Ауыз бекітерде және ауызашарда оқылатын дұға

18:26, 03 наурыз 2025 148

Ауыз бекітерде оқылатын дұға:

نَوَيْتُ أنْ أصُومَ صَوْمَ شَهْرٍ رَمَضَانَ مِنَ الْفَجْرِ إِلَى الْمَغْرِبِ خَالِصًا لِلَّهِ تَعَالَى 

«Нәуәйту ән асумә саумә шәһри Рамаданә минәл фәжри иләл мағриби халисан лилләһи таъалә. Уа би сауми ғадин науайту мин шахри рамадан».

«Таңертеннен кешке дейін Алланың разылығы үшін Рамазан айының оразасын ұстауға ниет еттім».

***

Ауызашардағы дұға

«Аллаһуммә ләкә сумту уә бикә әәмәнту уә‘аләйкә тәуәккәлту уә‘ала ризқикә әфтарту уә саумәлғади мин шәһри Рамадана нәуәйту, фәғфирлии мәә қаддамту уә мә аххарту».

«Я, Аллам! Сенің ризалығың үшін ораза ұстадым. Сенің берген ризығыңмен аузымды аштым. Саған иман етіп, саған тәуекел жасадым. Рамазан айының ертеңгі күнінде де ауыз бекітуге ниет еттім. Менің өткен және келешек күнәларымды кешір гөр!».

Қадір түнінде көп айтылатын дұға:

اللهم إنك عفو تحب العفو فاعف عني

(Аллаһумма иннәкә афуун, тухиббул-афуа, фағфу анни).

Мағынасы: «Уа, Алла! Сен – аса кешірімдісің, кешіруді жақсы көресің, мені де кешіре гөр!»

Күнәлардың кешірілуін сұрап айтылатын дұға:

ربنا ظلمنا أنفسنا وإن لم تغفر لنا وترحمنا لنكونن من الخاسرين

(Раббана заламна анфусана уә ин лам тағфир лана уә тархамна ләнакунәнна минәл-хасирин).

Мағынасы: «Раббым! Біз өзімізге зұлымдық жасадық. Егер Сен бізді кешірмесең және бізге рақымшылық етпесең, біз, расында, зиянға ұшыраушылардан боламыз.» (Ағраф сүресі, 23-аят)

Рамазанның соңғы он күнінде жасалатын дұға:

اللهم اجعلنا من عتقائك من النا

(Аллаһумма-дж‘алнә мин ъутиқаикә минән-нәр).

Мағынасы: «Уа, Алла! Бізді тозақ отынан азат етілген құлдарыңнан ете гөр!»

Рамазан айы – бұл Алланың мейіріміне бөленіп, күнәлардың кешірілуіне мүмкіндік беретін ерекше уақыт. Сондықтан осы айда дұға мен истиғфарды (кешірім сұрауды) көп жасау керек.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ:

1. Тарауих намазында оқылатын дұға

2. Оразадан босатылған адамдар кімдер? 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар