Әлеуметтік желіде алаштанушы, жазушы, жас ғалым Елдос Тоқтарбай Қазақстан азаматтығын беру тәртібіне қатысты пікір білдірді, деп жазды Alash.kz.
Ол өз жазбасында соғыстан кейін Ресейден келген азаматтардың Қазақстан азаматтығын алуына қарсылық танытып, бұл мәселеде алдымен тарихи Отанына оралған қандастардың мүддесіне басымдық берілуі қажет екенін айтты.
Елімнің көк паспортын соғыстан қашып келген ресей орыстарының алуына қарсымын! Ресей орыстарының оп-оңай ҚР Азаматы атануына қарсымын! Көк паспорт сатылмасын!
Қандастарымызды өзектен теуіп, жылатып, құжат бермей жатқан, ей, Үкімет, есіңді жи! Өз қазағыңды жылатып, келімсекке азаматтық беріп, жарылқағаныңды қалай түсінейін?! Көк паспорт құны, қадірі түспесін! - деп жазды жазушы.