Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Мен Ресейде тұрмын ба?". Блогер Динара Сәтжан сотқа тартқан Бағдагүл сынықшы сорақы жағдай туралы баяндап, шындықты айтып салды

11:56, 18 шілде 2026

Танымал емші Бағдагүл сынықшының үстінен блогер Динара Сәтжан сотқа талап-арыз бергені бұған дейін белгілі болған еді. Осы іске қатысты алғашқы сот отырысынан кейін Бағдагүл әлеуметтік желідегі парақшасында сот барысында болған жайттарды баяндады, деп жазады Alash.kz.

Бағдагүлдің айтуынша, сот процесі бастапқыда орыс тілінде жүргізілген. Ол судьядан істі қазақ тілінде қарауды талап еткенін айтты.

«Судьядан "қазақша сөйле" деп талап еттім. Сот процесі орысша басталды. Менің талабыма судья "неге айғайлайсың, тәртіпті бұздың, қазір үстіңе тағы басқа айыптаулар қосамын" деді.

Орысша түсінбейтінімді айтқаным үшін жазықтымын ба? Айыптаулар қоссаң, қоса бер дедім», – дейді ол.

Сондай-ақ Бағдагүл өзіне аудармашы ұсынылғанын айтып, оған келіспегенін жеткізді.

«Бір кезде жаныма біреуі келіпті. "Сен кімсің?" десем, "мен сізге аудармашы боламын" дейді. "Маған емес, қазақша түсінбей жатқандарға аудармашы бол! Мен Ресейде тұрмын ба?" деп ашуландым», – деген ол эмоцияға беріліп, сот қызметкерлеріне қатысты қатаң сөздер айтқанын да жасырмады.

Бағдагүлдің сөзінше, кейін сот отырысы қазақ тілінде жалғасқан. Оның айтуынша, нәтижесінде өзіне айыппұл салынған.

Айта кетейік, бұл ақпарат Бағдагүлдің жеке мәлімдемесіне негізделген. Іс бойынша соттың ресми қаулысы немесе сот органдарының толық түсіндірмесі жарияланған жоқ.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар