Күләш Байсейітова атындағы Қазақ ұлттық өнер университетінің «Елігай» балалар хоры Қытайда өткен II Гонконг халықаралық хор фестивалінде алтын жүлдеге ие болды, деп жазды Alash.kz.
Өнер ұжымы Гонконг пен Шэньчжэнь қалаларында ұйымдастырылған халықаралық байқауда жоғары деңгейде өнер көрсетіп, қазылар алқасының жоғары бағасына ие болған.
Жеңісті хор ұжымы әлеуметтік желідегі ресми парақшасында қуанышпен бөлісіп, халықаралық додада алтын медаль жеңіп алғандарын хабарлады.
«Елігай» балалар хоры Күләш Байсейітова атындағы Қазақ ұлттық өнер университетінің жанынан құрылған шығармашылық ұжымдардың бірі саналады. Хордың халықаралық байқаудағы жеңісі Қазақстанның хор өнері мен жас таланттарының әлемдік деңгейдегі жетістігін тағы бір мәрте айғақтады.