Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Ыстамбұлдағы Айя-София мешітіне барып Інжіл кітабын оқығаны үшін ұсталған ресейліктер еліне қайтарылды

10:11, 18 шілде 2026

Ыстамбұлда Киелі София мешітінде Інжіл оқығаны үшін ұсталған ресейліктер еліне қайтарылды

Түркияның Стамбұл қаласындағы Киелі София (Айя-София) мешітінде Інжіл оқығаны үшін ұсталған Ресей азаматтары еліне оралды, деп хабарлайды ТАСС.

Ресейдің Түркиядағы Бас консулдығының мәліметінше, ұсталған ерлі-зайыпты – 35 жастағы Виктория мен 32 жастағы Игорь Ресейге ұшып кеткен.

Олардың ұсталғаны туралы бұған дейін «Осторожно, новости» басылымы хабарлаған болатын. Басылымның мәліметінше, оқиға Стамбұлдағы Айя-София мешітінде болған.

Айта кетейік, VI ғасырда салынған Киелі София ғибадатханасы Константинопольді Осман империясы жаулап алғаннан кейін мешітке айналдырылды. 1935 жылы ол музей мәртебесін алған. Ал 2020 жылы Түркия билігінің шешімімен қайтадан жұмыс істейтін мешіт ретінде ашылды.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар