Танымал отандық продюсер Баян Алагөзова Қазақстанның Халық әртісі Меруерт Өтекешоваға бұған дейін берген уәдесін орындап, жаңа пәтердің кілтін салтанатты түрде табыс етті, деп хабарлайды Alash.kz.
Осыдан бірнеше ай бұрын белгілі продюсер аңызға айналған актрисамен кездесуі барысында оған баспана сыйлайтынын мәлімдеген болатын. Пәтер сыйға тартқан сәтте Меруерт Өтекешова шексіз алғысын білдіріп, қуаныштан көз жасына ерік берді.
«Аңыз адамға жүректен шыққан махаббатпен», - деп жазды продюсер.
Мұнымен қоса, продюсер халықтың сүйікті актрисасына Түркия шипажайларының біріне 10 күндік демалыс жолдамасын да бірге тарту етті.