Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Кадрлық ауыс-түйіс: Ұлытау облысына жаңа әкім тағайындалды

13:39, 17 шілде 2026

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен Ұлытау облысында аймақ басшысы ауысты, деп хабарлайды Alash.kz.

Ақорданың ресми хабарламасында:

 «Мемлекет басшысының Жарлығымен Дастан Адайұлы Рыспеков Ұлытау облысының әкімі лауазымынан босатылды», - делінген.

Ол бұл лауазымды қызметке 2024 жылы тағайындалған болатын.

Президенттің Жарлығымен өңірдің жаңа басшысы болып Есет Берікұлы Байкен бекітілді. 

Есет Байкен еңбек жолын 2008 жылы Астана қаласының Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасында бастады. Кейінгі жылдары елорда әкімінің аппаратында түрлі қызметтер атқарып, ұйымдастыру-инспекторлық бөлімінің басшысы лауазымына дейін көтерілді. Сонымен қатар Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігінде сарапшы және мемлекеттік инспектор болып жауапты қызметтер атқарды.

2019 жылы Қарағанды облысының Нұра ауданына әкім болып тағайындалды. Одан кейін бас шаһарға қайта оралып, Астана әкімі аппаратының жетекшісі, сондай-ақ Сарыарқа ауданының әкімі лауазымдарында жұмыс істеді. Ал Ұлытау облысының тізгінін ұстағанға дейін, яғни 2022 жылдың қыркүйек айынан бастап Астана қаласы әкімінің орынбасары қызметін атқарып келді.

 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар