Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«Ең өкініштісі… Өлтіремін деп қорқыту…»: Қостанайлық медицина қызметкері сұмдықтың бетін ашты (ВИДЕО)

16:00, 17 шілде 2026

Қостанайлық медицина қызметкері өзіне дөрекілік танытып, өміріне қауіп төндірген агрессивті емделушінің әрекетін таспаға тартып алды, деп жазады Alash.kz.

Жанжалдың бейнежазбасын әлеуметтік желіде alinaa.air есімді қолданушы жариялап, оқиғаның мән-жайын түсіндірді. Оның айтуынша, келіспеушілікке емделуші ер адамнан қабылдауға басқа уақытта келуін алдын ала өтінгені себеп болған. Бастапқыда бұл ұсынысқа келісім берген емделуші емханаға келген сәтте кенеттен ашуға мініп, ақ халатты маманды балағаттап, оған қоқан-лоқы көрсете бастаған.

Бейнежазба авторы өз жұмыс орнында мұндай дөрекілік пен қорлау әрекеттері әлдеқашан «қалыпты жағдайға» айналғанын және оның әріптестері де осындай келеңсіздіктермен жиі бетпе-бет келетінін ашып айтты. Ол бұл мәселеге қатысты өз наразылығын білдіріп:

«Біз түсіндіреміз, қолдаймыз, емдейміз, тыныштандырамыз. Бірақ бұған жауап ретінде айқай-шуды, балағат сөздерді, қорлау мен қоқан-лоқыны жиі естиміз. Ең өкініштісі... көбісі бұған үйреніп кеткені соншалық: «Көңіл аударма», «Бұл жұмыс қой», «Емделуші уайымдап жүр», «Шыда» деп жатады. Жоқ. Өлтіремін деп қорқыту — бұл кәсіптің бір бөлігі емес», — деп жазды.

Осы оқиғаға байланысты Қостанай облыстық Полиция департаменті түсініктеме берді. Тәртіп сақшылары қазіргі уақытта медицина қызметкеріне тіл тигізіп, қорлық көрсеткен ер адамды іздестіру жұмыстарын қолға алғанын хабарлады.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар