Әлемге әйгілі актер Джеки Чан Қазақстанға сапары барысында Ақтау қаласындағы сауда орталықтарының бірінде көзге түсті, деп жазды Alash.kz.
Алғашында актер дүкендерді еш кедергісіз аралап жүрген. Алайда көп ұзамай келушілер оны танып, бірге суретке түсуге асыққан. Джеки Чан жанкүйерлерінің өтінішін жерге қалдырмай, барлығымен күлімдеп суретке түскен.
Әлеуметтік желі қолданушылары актердің қарапайымдылығы мен ашық мінезіне тәнті болғандарын жазды. Көпшілік әлемдік кино жұлдызын ешқандай артық күзетсіз, қарапайым жағдайда жақыннан көру ерекше әсер қалдырғанын атап өтті.
Еске салайық, Джеки Чан Ақтауға «Құдайдың сауыт-сайманы 4: Ультиматум» (Armour of God 4: Ultimatum) фильмінің түсіріліміне қатысу үшін келген.