Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Меруерт Өтекешова «Қыз Жібек» фильміндегі әйгілі қамзолға қатысты ерекше мәлімдеме жасап, елді елең еткізді

15:57, 18 шілде 2026

Меруерт Өтекешова «Қыз Жібек» фильміндегі әйгілі қамзолдың өзіне қайтарылғанын айтты

Қазақстанның халық әртісі Меруерт Өтекешова «Қыз Жібек» фильмінде киген әйгілі қамзолдың қайтадан өзіне тигенін мәлімдеді.

Бұған дейін тарихи киімнің продюсер Баян Мақсатқызының иелігіне өткені қоғамда қызу талқыланған болатын. Журналист Гүлбану Әбен қамзолдың жеке коллекцияда емес, ұлттық музейде сақталуы тиіс екенін айтып, өз пікірін білдірген еді.

Алайда Меруерт Өтекешова бұл жағдайға ренжімегенін жеткізді. Оның айтуынша, Баян Мақсатқызы да өнердің қадірін түсінетін жан ретінде тарихи жәдігердің маңызын жақсы біледі және болашақта қамзолды музей қорына тапсыруды жоспарлаған.

Еске салайық, жуырда Баян Мақсатқызы Меруерт Өтекешоваға бұған дейін уәде еткен пәтердің кілтін табыстап, бұл оқиға әлеуметтік желі қолданушыларының жылы лебізіне ие болған еді.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар