Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Еуропада 12 мыңнан астам адам көз жұмды

09:45, 18 шілде 2026

Еуропада маусым айының соңы мен шілде айының басында тіркелген рекордтық аптап ыстық салдарынан 12 мыңнан астам адам қайтыс болды. Бұл туралы AFP агенттігі бірнеше Еуропа елінің ұлттық статистикасына сілтеме жасап хабарлады, деп жазды Alash.kz.

Агенттіктің мәліметінше, 22–28 маусым аралығында Германия, Бельгия, Испания, Люксембург, Нидерланд, Франция және Швейцарияда өткен жылдардың осы кезеңімен салыстырғанда шамамен 10 мың артық өлім тіркелген.

Ұлыбританияның Метеорологиялық қызметі Англия мен Уэльсте 18–28 маусым аралығында тағы шамамен 2 200 қосымша өлім жағдайы тіркелгенін мәлімдеді. Осылайша, аптап ыстыққа байланысты құрбандардың жалпы саны 12 мыңнан асты.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Еуропалық өңірлік бюросының директоры Ханс Клюгенің айтуынша, мұндай өлім-жітімнің басым бөлігінің алдын алуға болар еді. Оның пікірінше, көптеген мемлекеттер аптап ыстықты денсаулық сақтау саласындағы төтенше жағдай ретінде емес, тек ауа райының құбылысы ретінде қабылдап келеді.

Бұған дейін EuroMOMO еуропалық өлім-жітімді мониторингтеу бағдарламасы ыстықтан көз жұмғандар саны 10 мыңнан асқанын бағалаған болатын. Бағдарлама деректеріне сәйкес, қайтыс болғандардың басым бөлігі – 65 жастан асқан адамдар.

Мамандардың айтуынша, жоғары температура тек ыстық өтуге ғана емес, жүрек-қан тамырлары және тыныс алу жүйесі ауруларының асқынуына да себеп болады. Әсіресе егде жастағы және созылмалы сырқаты бар адамдар қауіп тобына жатады.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар