Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«Ми шайқалуы, түрлі дене жарақаттары»: Астана тұрғыны СОБР сарбазы үстінен шағым түсірді (ФОТО)

12:48, 17 шілде 2026

12 шілдеде өткен «Астана» – «Ақтөбе» матчынан кейін елордада жанкүйерлер мен құқық қорғау органдары қызметкерлері арасында даулы оқиғаға қатысты қызметтік тексеру басталды, деп хабарлайды Alash.kz.

Жәбірленуші тараптың мәлімдеуінше, ойын аяқталған соң СОБР сарбаздары ағасы екеуін қарындастарының көзінше соққыға жыққан. Жәнібек есімді Астана тұрғыны күштік құрылым өкілдері оларды қолмен де, берцы киген аяқпен де аяусыз ұрғанын айтады. Оқиғадан кейін жазба авторына ауруханада мидың шайқалуы және түрлі дене жарақаттары деген диагноз қойылған.

Алайда, полиция департаменті жағдайды мүлдем басқа қырынан сипаттап отыр. Қалалық ПД мәліметінше, матч барысында бір топ жанкүйер өздерін тым агрессивті ұстап, былапыт сөздер айтқан, сондай-ақ қарсылас команданың жанкүйерлерін арандатып, әдепсіз қимылдар көрсеткен. Тіпті, тәртіп бұзушылардың бірі аяғына қарсылас клубтың туын байлап алған көрінеді. Тәртіп сақшылары бұл әрекеттерге кикілжіңге жол бермеу және қоғамдық қауіпсіздікті сақтау мақсатында араша түскенін алға тартады.

«Оқиғаға қатысушылар оқшауланып, қызметтік автобусқа жеткізілді, кейіннен олар босатылды», – деп мәлімдеді Астана қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Қазіргі уақытта осы оқиғаға байланысты арнайы қызметтік тексеру тағайындалды. ПД өкілдері тексеріс аяқталғаннан кейін жанжалға қатысушы барлық тұлғалардың әрекетіне тиісті құқықтық баға берілетінін жеткізді.

 

 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар