Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«Қан төгілгенін қаламаймын». Талғарда қаза тапқан Шерзат Болаттың әкесі мәлімдеме жасады

14:32, 12 қазан 2024 3629

Талғар маңында қаза тапқан жасөспірім Шерзат Болаттың әкесі Қаржаубай Нұрымов қазақстандықтарға үндеу жасады, деп хабарлайды Alash.kz ұлттық порталы Skifnews.kz ақпарат порталына сілтеп.

"Түннен бері құзырлы орган өкілдері осында. Қылмыскерлер өз істері үшін жауап береді деп сенемін. Мен өзім үшін қорықпаймын, кім келсе де, өзім жауап бере аламын. Сондықтан тыныш заманда қан төкпеуге шақырамын. Ал жоғарыдағыларға айтарым, ешқандай қантөгісті қаламаймын. Құзырлы органдардың қатысуымен барлығы заңды түрде шешіледі деп сенемін. Қандай жағдайда да мен әділ Қазақстанға сенемін. Менде қазір ешқандай қорқыныш жоқ. Мені қорқытты деген сөзге қарсымын. Біздің елімізге ешкім басып кірген жоқ, сондықтан қазақтар бірін-бірі өлтірсе, қате болар еді", – деді Нұрымов.

Марқұм Шерзат Болаттың әкесі, көмек қолын созып, ақша жинаудың қажеті жоғын айтты. 

“Жалпы мен TikTok, Instagram деген желілерді білмейді екенмін. Жақын арада осындай жағдай болған соң ашқанмын. Сосын айтарым ешкім сыртымнан көмек қолын созып, ақша жинап, хайп жасап керек емес. Ниеттеріңізге рақмет! Алла нәсіп етсе ел болып, жер болып үйлі боламыз деген ниеттемін. Сосын мені және отбасымды арандатпасаңыздар деймін”, – деді ол. 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар