Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Қамыс арасынан денесі табылған". Атырау облысында хабар-ошарсыз кеткен ер адамның мәйіті табылды

16:48, 19 желтоқсан 2025

Атырау облысында хабар-ошарсыз кеткен ер адамның мәйіті табылды, деп хабарлайды Alash.kz.

Атырау облысында 14 желтоқсаннан бері хабар-ошарсыз кеткен ер адамның мәйіті табылды.

Облыстық полиция департаментінің дерегіне сәйкес, 1964 жылы туған азаматтың денесі Жылыой ауданы аумағындағы қамысты алқаптан анықталған.

«Аталған азамат 15 желтоқсан күні іздеуге жарияланған болатын. Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайын анықтау мақсатында тиісті тексеру шаралары жүргізіліп жатыр. Тергеу мүддесіне байланысты өзге ақпарат жарияланбайды», – деп мәлімдеді полиция өкілдері.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар