Қайрат Сатыбалдының бұрынғы тоқалы сұхбат берді, деп жазды Alash.kz.
Нұрсұлтан Назарбаевтың немере інісі Қайрат Сатыбалдының президент болу амбициясы болды ма? Бұл сұраққа экс-тоқалы Асылжан Есенқызы жауап берді.
“Оның жанында жүргендер келіп айтатын: “Егер біздің мемлекетімізде монархия болса күшті ғой”, “Келесі президент сен болсаң” дейтін. Ол “қарсы емеспін” деп айтатын. Демек, өзін президент болуға лайықты адам ретінде бағалады”, - деді Қайрат Сатыбалдының экс-тоқалы.