Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

“Қайрат екеуіміз көрсететін өнерімізді түгел көрсетіп болдық”. Сырым Исабаев сырын айтты

11:19, 14 желтоқсан 2024 581
 
 

Халық жүрегінен орын алған әнші Сырым Исабаев өнерге қаржы көксем келмеген. Өзінің өнерге деген құрметі жайлы әнші “Мың бір түн” бағдарламасына берген сұхбатында мәлімдеді, деп жазды Alash.kz ұлттық порталы.

Jas Qazaq порталының хабарлауынша, әрі әнші әрі  актер ретінде танымал болған Сырым Исабаев қазір жеке бизнеспен айналысады. Сахнадағы өнерін тоқтатуға да сол себеп болыпты.

“Сырым Исабаевтың негізгі мамандығы бухгалтер есеп және аудит болатын. Қосымша вокалдық сабақ алып, осы өнер жолына қалай келгенімді түсінбей қалдым. Бұл да менің арманым болды. Ал даусымның бар екенін мектептегі мұғалімдеріміз сездіртті. Солайша өнерге деген қадам 2005 жылы басталды. Сонымен өнерім шыңдалды. Солайша халыққа біртіндеп сатылып, өнерімді көрсетіп, жақсы деңгейге шығып, қолдан келгенше талғаммен ән таңдап, жақсы әндер сыйладым деп ойлаймын.”- деді Сырым Исабаев.

Онымен қоса, Қайратпен де өнер жолының табысты болғанын да жеткізіп, алғашқы кездесулерін еске алды.

“Қайраттың екі әні, менің екі әнім бар еді. Солай Шымкент қаласындағы “Оңтүстік жұлдыздары” бағдарламасында екеуміз жарыстың соңында әнді дуэт болып орындадық. Жарыста алдыңғы қатарға қол жеткіздік. Кейіннен жұптасып ән салып, екеуміз халықтың көңілінен шыға білдік. Үш жыл бойы барлық Қазақстанның ауылын аралап, Қытай мен Моңғолияға сынды шетелдерге барып өнерімізді түгел көрсетіп болдық. Өзімді жеке де көрсетейін деп “Алып қашу операциясы” деген фильмді түсірдім. Одан кейін “Алдадың”, “Мұң” деген әндерді жаздым. Осы әндерім шығып жатса да, мамандығымды тастамайын дедім. 4 жыл бойы сол мамандықта оқыдым. Жаман оқығаным жоқ. Кезінде әншілікпен қоса жеке бизнес туралы да армандайтын едім. Енді сол кәсібімді 70-80 пайызға жүзеге асырдым. Халыққа өнеріңді беру үшін мына нарық заманында қаражатың да түгел болу керек”- деп ойын түйіндеді әнші.

Сырым Исабаев он жылдан бері сахнадан көрінбей, тек кәсіппен айналысып келеді. Ол дегеніңіз халыққа қызмет көрсету, демалыс аясындағы жұмыс екен. Сондай-ақ халыққа жүрекжарды жырын жеткізу үшін ақшаға мұқтаж болмай, қалталы болу керектігін де айтып қалды. Сонда ғана өнер, әннің мәтіні мен мағынасы да сапалы болмақ.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар