Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Қайғылы жағдай: Зайсан қаласында 19 жастағы сарбаз өз өзіне қол салды

11:18, 08 қараша 2024 588

Қазақстанда тағы бір өз-өзіне қол жұмсау оқиғасы орын алды, деп жазады Alash.kz ұлттық порталы.

Оқиға ШҚО, Зайсан  қаласында 7 қараша күні кешкі сағат бесте болған. 19 жастағы шекарашы сарбаз өзіне АК-47 мылтығынан екі рет басына оқ атқан. Марқұм сарбаз Түркістан облысының тумасы.  
 
Оқиға орнынан қоштасу хаты табылмады. Сарбаз оқ жарақатын алса да, өлімінің себебін "механикалық тұншығу" деп көрсеткен. Іске қатысты тергеу басталды.  
 
Бұған дейін, 14 қазанда Қарағанды облысында бір әскери қызметкер өз басына оқ атқан еді.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар