Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Қайғылы жағдай: Mango брендінің иесі шатқалдан құлап, қаза тапты

14:16, 15 желтоқсан 2024 459

Mango киім дүкендері желісі мен компаниясының негізін қалаушы Исак Андик Испаниядағы демалыс кезінде қаза тапты. Ол 72 жаста еді, деп хабарлайды Alash.kz ұлттық порталы KAZ.NUR.KZ-ке сілтеме жасап. 

Андиктің қайтыс болғаны туралы ақпарат Mango компанияcының сайтында жарияланды. 

"Mango негізін қалаушы Исак Андиктің осы сенбіде болған апат салдарынан қайтыс болғанын өкінішпен хабарлаймыз. Исак бәрімізге үлгі болды. Ол өмірін Mango жобасына арнап, стратегиялық көзқарасы, шабыттандыратын көшбасшылығы мен компанияға өзі салған құндылықтарға танытқан адалдығы арқылы өшпес із қалдырды", - делінген хабарламада.

Испаниялық БАҚ өкілдеріне сілтеме жасаған РБК сайты Андиктің Каталонияда, Барселона маңында қаза тапқанын хабарлады. Тілшілердің мәліметінше, кәсіпкер Монтсеррат монастырына барар жолда орналасқан Сальнитре үңгірінің жанындағы шатқалға құлаған.

Тауда онымен бірге жұбайы және ұлы Джонатан болған. Жақындары Андиктің жағдайын төтенше қызмет өкілдеріне 14 желтоқсан шамамен 12:30-да хабарлаған. Оқиға орнына бірден медициналық тікұшақ пен жедел жәрдем көлігі жіберілген. Алайда медицина қызметкерлері кәсіпкердің өлімін тіркеген. 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар