Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Қайғылы жағдай: Жетісу облысында қызмет барысында құтқарушы көз жұмды

13:03, 11 наурыз 2026

Жетісу облысы Панфилов ауданындағы Алтынкөлде балықшыға көмектесуге аттанған Төтенше жағдайлар министрлігінің қызметкері қызмет бабында көз жұмды, деп жазады Alash.kz.

Оқиға 7 наурыз күні мұздың жарылуы салдарынан орын алды. Жағалаудан алыстап кеткен балықшыға көмек көрсету мақсатында өрт сөндіру бөлімдері мен «Барыс» құтқару қызметінің мамандары шұғыл шақыртылды. Құтқару шаралары барысында №11 өрт сөндіру бөлімінің қарауыл бастығы, азаматтық қорғау майоры Дамир Таранов суға батып бара жатқан адамды алып шығуға ұмтылған. Алайда мұздың қайта сынуы салдарынан құтқарушы суға құлап, қаза тапты.

Дамир Тарановтың азаматтық қорғау органдарындағы жұмыс өтілі 2012 жылдан бастау алады. Ол өз мансабында Панфилов ауданы мен Қапшағай қаласының өрт қауіпсіздігі қызметтерінде жауапты міндеттер атқарған. Марқұмның артында отбасы, жары мен екі баласы қалды.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар