Алматыдағы Баум тоғайында серуендеп жүрген кезінде үстіне ағаш құлап, алған ауыр жарақаттарынан комаға түскен 19 жастағы Селина есімді бойжеткен ауруханада қайтыс болды, деп хабарлайды Alash.kz.
Бойжеткеннің өмірден озғаны туралы оның туған-туыстары әлеуметтік желідегі парақшаларында ресми түрде хабарлады. Бұған дейін Алматы қаласындағы танымал демалыс орындарының бірінде серуендеу барысында Селинаның үстіне үлкен ағаш құлап, ол өте ауыр дене жарақаттарын алған болатын. Дәрігерлердің жасаған ем-дом шараларына қарамастан, ес-түссіз күйде комада жатқан бойжеткенді аман алып қалу мүмкін болмады. Марқұмның бас сүйегі сынып, жамбасы зақымданған, сонымен қатар аяғы ашық сынып, денесінің өзге де мүшелері қатты соққыдан зардап шеккен.