Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Путиннің табысы қанша?

07:40, 05 ақпан 2024 293
Жуырда Ресей президенттігіне кандидат ретінде тіркелген Владимир Путин Орталық сайлау комиссиясына табыс салығы декларациясын тапсырды.

ОСК мәліметінше, Ресей президенттігіне кандидат және қазіргі мемлекет басшысы Владимир Путин 2017-2022 жылдар аралығында 67,5 миллион рубльден астам табыс тапқан.

Путиннің сайлауға дейінгі  алты жылдағы табысының жалпы сомасы 67 591 875 рубльді құрайды. Путиннің декларациясындағы табыс көздерінің қатарында жалақы, банк салымдары мен бағалы қағаздардан түскен табыс, әскери зейнетақы және мүлікті сату бар.

Путиннің Санкт-Петербургте бір пәтері (77 шаршы метр) мен гаражы (18 шаршы метр), сондай-ақ үш көлігі бар.

Оның 54 416 604,52 рубльді құрайтын 10 банктік шоты бар екені атап өтілді. Сонымен қатар, Путин декларацияда «Санкт-Петербург банкі» АҚ 230 акциясын көрсетті.

«Мүліктік сипаттағы міндеттемелер» бағанында Санкт-Петербургтегі пәтер (153,7 шаршы метр, шектеусіз пайдалану, Мәскеу үкіметінің бұйрығы) және көлік тұрағы (18 шаршы метр, шектеусіз пайдалану, гараж кооперативіне мүшелік) көрсетілген.

Сондай-ақ, президенттік сайлауға тіркелген парламенттік партиялардың үш кандидаты белгілі болды. Олар ЛДПР басшысы Леонид Слуцкий, Мемлекеттік Дума төрағасының орынбасары, «Жаңа халық» партиясының мүшесі Владислав Даванков пен Мемлекеттік Думаның депутаты (РФ Коммунистік партиясының фракциясы) Николай Харитонов. Олар да табыс декларациясын тапсырады.

Айта кетейік, Ресей Федерациясында президент сайлауы 2024 жылдың 15-17 наурыз аралығында  өтеді.

Фото: РФ/ТАСС
Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар