Украина, Ресей және АҚШ өкілдерінің үшжақты кездесуі жақын арада өтуі мүмкін. Бұл туралы Кремльдің ресми өкілі Дмитрий Песков мәлімдеді, деп жазды Alash.kz.
Бұған дейін мұндай форматтағы кездесуді АҚШ ұсынған. Киев келіссөзге дайын екенін білдірген, ал Мәскеу бұл ұсынысқа қатысты нақты ұстанымын жарияламаған еді.
Песковтың айтуынша, үшжақты кездесу өткізу мәселесі Владимир Путин мен Дональд Трамптың соңғы телефон әңгімесінде талқыланған. Алайда кездесудің нақты күні мен өзге де егжей-тегжейі әзірге белгісіз.
Бастапқыда келіссөзді Біріккен Араб Әмірліктерінде өткізу ұсынылған. 2026 жылы Ресей, Украина және АҚШ өкілдерінің осы форматтағы кездесулері бұған дейін де Абу-Дабиде өткен.