Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Түркияда қаза тапқан солдаттарға шейіт деген мәртебе беріп, денесін тумен орап, құрмет көрсетеді. Біз ше?..". Журналист ашық мәселе көтерді

15:29, 26 қыркүйек 2026

Журналист Жолымбет Мәкіш әлеуметтік желідегі жазбасында әскери қызметін атқарып жүріп қаза тапқан сарбаздарды қоғам болып құрметтеу мәселесін көтерді, деп жазды Alash.kz.

Ол Әзербайжан мен Түркия сияқты елдерде Отан алдындағы міндетін атқару кезінде қаза тапқан әскери қызметшілерге ерекше құрмет көрсетілетінін атап өткен.

Автордың пікірінше, мұндай рәсімдер қаза болған адамның Отан үшін өмірін қиғанын қоғамға айқын көрсетіп, оның ерлігін ұлықтауға бағытталған.

«Осы шетелде, әсіресе Әзірбайжан мен Түркия сияқты бауырлас елде әскерде отан алдындағы міндетін өтеп жүріп қаза тапқан солдаттарға бірден шейіт деген мәртебе беріп, шәһид деп ардақтап, денесін тумен орап, үйінде сән-салтанатпен күтіп алып, әкеле жатқанда жол бойы құрмет көрсетіп жатады. Отан үшін өлген адамның текке өлмегенін білдіретін месседж бұл. Неге бізде осындай жөн-жосық, дәстүр жоқ?» – деп жазды Жолымбет Мәкіш.

Автор пікірінде Қазақстандағы қаза болған сарбаздарды шығарып салу мәдениетіне де сын айтты. Оның сөзінше, қоғамда әскери қызметшілерді құрметпен шығарып салу, қазаны естірту және марқұмның мәртебесін айқындау дәстүрлері жеткілікті деңгейде қалыптаспаған.

Жазба Каспийдегі қайғылы оқиғадан кейін қаза тапқан әскери қызметшілерді қоғамда қалай ұлықтау керектігі туралы пікірталас аясында жарияланды.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар