Маңғыстау облысының әкімдігі ел тұрғындарының қайғылы оқиға салдарынан қаза тапқан сарбаздардың отбасыларына қаржылай көмектесуге ниет білдіріп жатқанын хабарлап, алаяқтардан сақтану үшін қаражат жинауды жалғыз ресми қор — «Ұлттық рух» арқылы жүзеге асыруды ұсынды, деп хабарлайды Alash.kz.
Жергілікті билік өкілдері азаматтарды күмәнді есепшоттар мен жеке карталарға ақша аудармауға шақырады. Барлық жиналған қаражат қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына толықтай берілетініне кепілдік беріледі, ал оның ашық бөлінуін мемлекеттік және құқық қорғау органдары жіті бақылауда ұстайды.
«Қорға түсетін барлық қаражат тек қаза болған әскери қызметшілердің отбасыларын қолдауға бағытталады. Қаражаттың жұмсалуы қатаң түрде нысаналы мақсатқа сай және толық ашықтық қағидаттары негізінде жүзеге асырылады. Қордың қызметі мен түсетін қаражаттың қозғалысы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының бақылауында болады» – делінген хабарламада.
Қордың реквизиттері:
Атауы: «Ұлттық рух» қоғамдық бірлестігі
БСН (БИН): 090140013447
Банк: «Alatau City Bank» АҚ
БИК: TSESKZKA
ЖСН (ИИК): KZ03998PTB0000488655
Валюта: KZT
Еске сала кетейік, Каспий теңізіндегі оқу-жаттығу кезінде орын алған қайғылы оқиғадан 14 сарбаз қаза тапқан болатын. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен қаза тапқандардың жақындарына жан-жақты көмек көрсетілуде.