Әзербайжандық әнші Роза Зергерли Ресейдегі концерті басталар алдында Каспий теңізіндегі қайғылы оқиғада қаза тапқан қазақстандық әскери қызметшілерді бір минут үнсіздікпен еске алды, деп жазды Alash.kz.
Өнер иесі бұл туралы Instagram парақшасында жазды.
«Нағыз әзербайжандық ретінде концертімде қаза тапқан жас қазақстандық әскери қызметшілерді бір минут үнсіздікпен еске алуға мүмкіндік берген Ресей және Башқұртстан халықтарына алғыс айтамын. Ал қазақ халқына ортақ жадымыз бен құрметіміз үшін ризамын. Бір минут үнсіздік – жүрегімізде мәңгі сақталатын тағзым», – деп жазды Роза Зергерли.