Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Маңғыстауда қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына Президент көңіл айтты

10:01, 26 қыркүйек 2026

Маңғыстауда қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына Президент көңіл айтты, деп жазды Alash.kz.

Маңғыстау облысында қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың көңіл айту жеделхаттары табысталды.

Мемлекет басшысы марқұмдардың жақындарына қажетті көмектің барлығы көрсетілетінін айтып, қайғылы оқиғаға кінәлілер ең қатаң жазаға тартылатынын жеткізді.

Қаза тапқан әскери қызметшілер мемлекеттік наградаларға ұсынылады.

Президенттің көңіл айту жеделхаттарын Маңғыстау және Түркістан облыстарының басшылары, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы және қоғам өкілдері оқып, марқұмдардың отбасыларына табыстады.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар