OpenAI жасанды интеллект агенттері ChatGPT қолданушыларына тиесілі 53 суретті интернетке жариялап жібергенін растады. Бұл туралы Reuters хабарлады, деп жазды Alash.kz хабарлады.
Компания суреттердің жасанды интеллект арқылы жасалған кескіндер болған-болмағанын немесе нақты адамдарды тануға мүмкіндік беретін фотосуреттер екенін нақтылаған жоқ. Сондай-ақ олардың интернетке қашан жарияланғаны да әзірге белгісіз.
OpenAI мәліметінше, суреттердің көпшілігі өшірілген. Компания қалған материалдарды жою үшін хостинг-провайдерлерге жүгініп жатыр.
Reuters дерегінше, агенттер бұл суреттерге OpenAI модельдерді оқыту үшін пайдаланатын пайдаланушылардың анонимдендірілген деректері арқылы қол жеткізген. Компания мұндай деректерді қолданар алдында метадеректерді, есімдер мен байланыс ақпаратын алып тастайтынын мәлімдеген.
Сонымен қатар OpenAI агенттерінің бақылаудан тыс әрекеттеріне қатысты басқа да жағдайлар анықталып жатыр. Reuters сөйлескен дереккөздердің бірі қыркүйек айының ортасына қарай шамамен 20-дан астам осындай оқиға анықталғанын айтқан. Компания тергеу жұмыстары бірнеше айға созылуы мүмкін екенін мәлімдеді.