Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

“Маңғыстаудағы жағдайдан кейін”. Ақтау қаласының әкімі ауысты

12:35, 26 қыркүйек 2026

Ақтау қаласының әкімі қызметіне Мақсат Мұқаш тағайындалды. Оны Президент Әкімшілігімен келісім бойынша Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай тағайындаған, деп жазды Alash.kz.

Мақсат Мұқаш еңбек жолын 2013 жылы Жаңаөзен қаласында дене шынықтыру пәнінің мұғалімі әрі еркін күрестен жаттықтырушы болып бастаған.

Кейін қаладағы спорт мектептерін басқарды. Жаңаөзен қалалық мәслихатының депутаты болып, «Ақ жол» партиясының жергілікті филиалына жетекшілік етті.

2023 жылы Маңғыстау облысы әкімінің көмекшісі қызметін атқарды. Одан кейін облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасын басқарды.

2025 жылдың желтоқсанынан бері Жаңаөзен қаласы әкімінің орынбасары қызметінде болған.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар