Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Өте ауыр кезең күтіп тұр". Каспий теңізіндегі қайғылы оқиғадан аман қалған үшінші сарбазға қатысты ел естімеген ақпарат айтылды

18:00, 26 қыркүйек 2026

Каспий теңізіндегі қайғылы оқиғадан аман қалған үшінші әскери қызметші – Орал қаласының тумасы, матрос Никита Удалов. Бұл туралы Alash.kz хабарлады.

Әскери қызметшінің суреттерін оның сыныптасы Сабина әлеуметтік желіде жариялаған. Оның айтуынша, екеуі Орал қаласындағы №32 мектепте бірге оқыған және бірінші сыныптан бері таныс.

Сабина Никитаның мектеп кезіндегі бірнеше суретін бөлісіп, оның тезірек сауығып кетуін тіледі.

«Алда сені өте ауыр кезең күтіп тұр. Болған жағдайды жан дүниеңмен қабылдап, біртіндеп күш жинауың керек. Біз саған сенеміз, Никита. Мұның бәрін еңсеріп, қайта аяққа тұратыныңа сенеміз», – деп жазды ол.

Жазбаға Никитаның туысы болуы мүмкін Яна Удалова да пікір қалдырған. Оның айтуынша, әскери қызметшінің жағдайы жақсы, өміріне қауіп жоқ.

«Никита аман, жағдайы жақсы! Уақыты келгенде өзі бәріне хабарласады», – деп жазды ол.

Еске салайық, 24 қыркүйекте Каспий теңізінде оқу-жаттығу кезінде қайғылы жағдай болып, 14 әскери қызметші қаза тапқан. Оқиға кезінде теңізге әскери қызметшілер шыққан. Алғашында Қорғаныс министрлігі олардың саны 19 болғанын хабарлағанымен, кейін 17 адам болғаны нақтыланды. Олардың 14-і қаза тапты.

Бұған дейін қайғылы оқиғадан аман қалған Бекет Мырзағалиев пен Ақжол Темірәлиев туралы ақпарат тараған болатын.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар