Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

14 сарбаздың қазасынан кейін Жаңаөзен қаласының әкімі ауысты

12:47, 26 қыркүйек 2026

Жаңаөзен қаласының әкімі қызметіне Сымбат Төретаев тағайындалды, деп жазды Alash.kz.

48 жастағы Сымбат Төретаев Маңғыстау облысының Жетібай ауылында туған.

Еңбек жолын 2000 жылы полиция қызметінен бастап, ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес саласында жұмыс істеген. Кейін «Нұр» ЖШС-ін басқарды, Мұнайшы ауылының әкімі болды.

Әр жылдары Маңғыстау облысы әкімі аппаратында еңбек етіп, терроризмге қарсы іс-қимыл бөлімін де басқарған.

2019 жылдан бастап Қарақия ауданы әкімінің орынбасары қызметін атқарды. Ал 2023 жылдың мамырынан бері Қарақия ауданының әкімі болды.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар