Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Алиев, Лукашенко, Макрон". Каспийдегі қайғылы оқиғаға байланысты шетел президенттері Тоқаевқа көңіл айтты

11:34, 26 қыркүйек 2026

Каспийдегі қайғылы оқиғаға байланысты шетелдік көшбасшылар Тоқаевқа көңіл айтты

Қазақстандық әскери қызметшілердің оқу-жаттығу кезінде қаза табуына байланысты Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа шетелдік әріптестерінен көңіл айту жеделхаттары келіп жатыр.

Ақорданың хабарлауынша, көңіл айтқандар қатарында Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон, Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев, Беларусь президенті Александр Лукашенко, Франция президенті Эмманюэль Макрон, Сербия президенті Александр Вучич, Вьетнам президенті То Лам, Армения премьер-министрі Никол Пашинян және Татарстан басшысы Рустам Минниханов бар.

Сондай-ақ бірқатар халықаралық ұйымдардың басшылары да Қазақстан президентіне көңіл айтқан.

Қасым-Жомарт Тоқаев шетелдік әріптестеріне қолдау білдіргені үшін алғыс айтты.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар