Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Жеті күннің ішінде анығын айтады". Маңғыстаудағы трагедиядан кейін Қорғаныс министрлігінің қызметін түбегейлі тексеретін комиссия құрылды

18:05, 26 қыркүйек 2026

Қорғаныс министрлігінің қызметіне кешенді тексеру жүргізетін комиссия құрылды, деп жазды Alash.kz.

Қазақстан Республикасының Президенті Қорғаныс министрлігіндегі істердің жай-күйіне, оның ішінде әскери құрылымдарды қаржылық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету мәселелеріне кешенді тексеру жүргізу жөнінде өкімге қол қойды.

Комиссия құрамына Қауіпсіздік Кеңесі, Президент Әкімшілігі, Жоғары аудиторлық палата, Қаржылық мониторинг агенттігі, Қаржы министрлігі, Бас прокуратура, Ұлттық қауіпсіздік комитеті және Ұлттық экономика министрлігінің өкілдері кірді.

Комиссия төрағасы болып Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесі Төрағасының орынбасары Аида Балаева, ал төраға орынбасары болып Жоғары аудиторлық палатаның төрағасы Әлихан Смайылов тағайындалды.

Комиссияға жүргізілген жұмыстың алғашқы нәтижелері туралы жеті күн ішінде баяндау тапсырылды.

Өкім оған қол қойылған күннен бастап күшіне енді.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар