Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Егіз ұлдарын тастап кеткен". Атырау облысында балаларын мектеп-интернатқа қалдырып кеткен ер адамға қатысты сұмдық дерек шықты

15:04, 26 қыркүйек 2026

Әкесі егіз ұлдарын Атырау облысындағы мектеп-интернатқа қалдырып кеткен

Атырау облысында әкесі екі егіз ұлын мектеп-интернатқа орналастырған. Бұл туралы балалардың анасы Жібек айтты.

Оның сөзінше, бұған дейін төрт баланы өзі тәрбиелеп келген. Алайда сот барысында егіз ұлдарының әкесімен бірге тұруына келісім берген. Ер адам балаларды қамтамасыз етіп, тәрбиелей алатынын айтқаннан кейін, сот бұл келісімді бекіткен. Осыдан соң Жібек ұлдарын әкесіне жіберген.

Алайда кейінгі алты айда балалар үш мектеп ауыстырып, бірнеше жерде тұрған. Алдымен әкесі оларды Ақтөбедегі жекеменшік мектепке орналастырған. Кейін балаларды Атырау облысына алып кеткен. Анасының айтуынша, бұл жерде балалар әкесімен бірге тұрмаған, бөтен үйде тұрған.

Кейін Жібек ұлдарының мектеп-интернатта екенін кездейсоқ білген. Оған әкесі вахтаға жұмысқа кеткендіктен, балалардың қажетті жағдайын өзі қамтамасыз ете алмағаны түсіндірілген.

Алайда бұл туралы Жібекке ешкім хабарламаған. Ол балалардың интернатта екенін ұлдарының өздерінен білген.

Жібек Атырауға барып, прокуратураға жүгінген. Бірақ балаларды оған сот шешіміне байланысты беруден бас тартқан.

Енді әйел егіз ұлдарын қайтару үшін қамқоршылық органдарына немесе сотқа жүгінуі керек.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар