Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Ресейдің сыртқы істер министрі соғыс басталғалы алғаш рет Германия сыртқы істер министрімен кездесті

19:42, 26 қыркүйек 2026

Сергей Лавров Германияның сыртқы істер министрі Йоханн Вадефульмен кездесті. Кездесу БҰҰ Бас Ассамблеясының алаңында Нью-Йоркте өтіп жатыр, деп хабарлайды ТАСС, деп жазды  Alash.kz.

Ресей СІМ ресми өкілі Мария Захарованың айтуынша, кездесуді өткізу туралы бастаманы Германия тарапы көтерген.

Лавров Германияның сыртқы істер министрімен соңғы рет 2022 жылғы 18 қаңтарда кездескен. Осылайша, бұл – екі елдің сыртқы саясат ведомстволары басшыларының Украинадағы соғыс басталғаннан кейінгі алғашқы кездесуі. БҰҰ Бас Ассамблеясының биылғы жалпы дебаты 22–26 қыркүйек аралығында өтуде.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар