Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Қаралы хабар: Жетісу облысында үш бүлдіршін өрттен көз жұмды

17:40, 25 қыркүйек 2026

Жетісу облысы Ескелді ауданының Бақтыбай ауылындағы жеке тұрғын үйден өрт шығып, үш бала қаза тапты, деп хабарлайды Alash.kz.

Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, оқиға 25 қыркүйек күні таңертең барак үлгісіндегі жеке үйде болған. Өрт кезінде анасы 13 жастағы баласымен бірге жанып жатқан ғимараттан сыртқа шығып үлгергенімен, 1, 6 және 8 жастағы үш бала іште қалып қойған. Шақыру орнына жеткен құтқарушылар өртті сөндіру барысында кішкентай балалардың денесін алып шықты. Қазіргі уақытта тілсіз жаудың шығу себебі мен оқиғаның мән-жайын анықтау бойынша тиісті тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар