Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«Сарбаздарымыздың қаза болғанына қатты қуандым». Желідегі діндар азаматтың сөзі қоғам наразылығын тудырды

20:09, 26 қыркүйек 2026

Қазақстандық әскери қызметшілердің Каспий теңізіндегі қайғылы оқиғадан қаза табуына байланысты әлеуметтік желіде жарияланған видео қоғам арасында қызу талқыланып жатыр, деп жазады  Alash.kz.

TikTok-та тараған видеода өзін ислам дінінің өкілі ретінде таныстырған азамат қаза тапқан сарбаздардың өлімін діни тұрғыдан «шейіт өлім» деп бағалап, олардың қазасына байланысты қуанышын білдірген.

Ол сарбаздардың Отан алдындағы міндетін атқарып жүріп қаза болғанын айтып, мұндай өлімді «мұсылмандар аңсайтын өлім» деп сипаттаған. Сонымен қатар қаза болған әскери қызметшілердің есімі ел жадында қалатынын айтып, олардың отбасыларына сабыр тіледі.

Алайда оның сарбаздардың қазасына қуанышын ашық білдіруі әлеуметтік желі қолданушыларының наразылығын туғызды. Пікір білдірушілердің бір бөлігі бұл сөздерді орынсыз деп бағалап, діни түсініктерді қайғылы жағдайды ақтау үшін қолдануға болмайтынын жазған.

Каспий теңізіндегі оқиға салдарынан 14 әскери қызметші қаза тапқан. Оқиғаға байланысты тиісті тексеру жүргізіліп жатыр.

 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар