Ресей президентінің шетелдермен инвестициялық-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі арнайы өкілі Кирилл Дмитриев Нью-Йорктегі кезекті кездесуге барды. Бұл туралы ТАСС хабарлады, деп жазды Alash.kz.
Дмитриев кездесуге қауіпсіздік шаралары күшейтілген жағдайда барған.
Бұған дейін Украина президенті Владимир Зеленский Киев пен Вашингтонның Брюссель және Мәскеумен консультацияларды жалғастыратынын, ал он күннен кейін оның нәтижелерін талқылайтынын мәлімдеген. Сондай-ақ АҚШ Абу-Дабиде үшжақты техникалық кездесу өткізуге дайындықты бастауды ұсынған, алайда оның нақты күні әлі белгіленбеген.
Бұған дейін CNN өз дереккөздеріне сілтеме жасап, Кирилл Дмитриевтің АҚШ өкілдері Стив Уиткофф пен Джаред Кушнермен кездесу өткізгенін хабарлаған. Кездесуде АҚШ пен Ресей арасындағы ынтымақтастық және Ресей мен Украина арасындағы соғысты бейбіт жолмен реттеу мәселелері талқыланған.