Қорғаныс министрі Дәурен Қосанов Маңғыстау облысында қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына көңіл айтып, кешірім сұрады, деп жазды Alash.kz.
Министр қайғылы жағдайға байланысты қара жамылған отбасылардың алдына басын иіп келгенін айтты.
«Бұл қайғы тек сіздердің қайғыларыңыз емес. Бұл – бүкіл қазақ елінің қайғысы. Кешіріңіздер, балаларыңызды сақтап қала алмадық», – деді Дәурен Қосанов.
Бұған дейін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына көңіл айту жеделхаттарын жолдағаны хабарланған еді. Жеделхаттарды өңір басшылары, Бас мүфти Наурызбай Тағанұлы және қоғам өкілдері отбасыларға табыстады.
Қайғылы оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүргізіліп жатыр. Үкіметтік комиссия оқиғаның барлық мән-жайын анықтауда.