Каспий теңізінде өткен оқу-жаттығу кезінде қаза тапқан аға лейтенант Олжас Мұхтарұлының денесі Түркістан қаласына Қорғаныс министрлігінің арнайы ұшағымен жеткізілді, деп хабарлайды Alash.kz.
Шұғыл ауа райының нашарлауы мен дауыл салдарынан ашық теңізге ағып кетіп, әскери борышын өтеу кезінде қайсарлықпен каза тапқан офицерді ақтық сапарға шығарып салу рәсімі, жаназа намазы мен жерлеу шаралары Түркістан қаласында өтті. Еске сала кетейік, Маңғыстаудағы қайғылы оқиғадан 14 әскери қызметші қаза тауып, Мемлекет басшысының өкімімен елімізде Жалпыұлттық аза тұту күні жарияланған болатын. Қазіргі таңда аталған факті бойынша Бас прокуратура мен Ішкі істер министрлігі тарапынан қылмыстық істер қозғалып, тиісті тергеу амалдары жүргізілуде.